Бүгінгі күнге 16 қылмыстық іс бойынша сот сараптама қорытындысына сәйкес мемлекетке келген шыған 14,5 млн. теңге болса, оның 6,6 млн. теңгесі өндірілген. 14 қылмыстық іске байланысты сот сараптама тағайындалып, алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде.
«Киіктердің қорғалуын күшейту мақсатында және орын алған заң бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген шығынды өндірту және қозғалған қылмыстық істер қисынды шешімін тапқанша бақылау-қадағалау жұмыстары тоқтамастан жүргізіле береді», — дейді И. Әбдіразақов.