97 жастағы нағашы әжемнің үйіне қалай ремонт жасасам екен - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
97 жастағы нағашы әжемнің үйіне қалай ремонт жасасам екен - Жазира Байырбекова

97 жастағы нағашы әжемнің үйіне қалай ремонт жасасам екен - Жазира Байырбекова

97 жастағы нағашы әжемнің үйіне қалай ремонт жасасам екен - Жазира Байырбекова.

  • 6 Қыркүйек 2018
  • 1840
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Белгілі әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында нағашы әжесі туралы жазды:

"Нағашы әжем Алматының шетіндегі Боралдай паселкесінде 40 жылдан бері бір бөлмелі пәтерде тұрады.Қолында менің салонымда @zhazira_salon_platiev істейтін шөбересі бар. 

Әжемнің үйі тозып кеткен,ішіндегі заттары өөөте ескі.Пәтеріне кірсең қараусыз қалған қарттың үйіне ұқсайды.Кірген адамдар немерелерінің жаны ашымайды екен деп ойлайды.Үйін ремонттап,заттарын жаңартып берейік десем қанша жылдан бері көнбей келеді.Үйімізге көшіріп алып кетейін десем "сенің үйіңде адам көп,мен тыныштыққа үйренгенмін" деп оған да көнбей отыр.Шөбересі жұмысқа кеткенде күндіз үйде жалғыз қалдым деп ұялы телефонмен әркімге өзі xабарласады. 

Анам оның жалғыз қызы болса да анамды үйіне 1 күннен артық қондырмайды. Есте сақтау қабілеті,денсаулығы анамнан мықты.(Анам альцгеймермен ауырады) "Аналарыңа мен қарай алмаймын,маған сенбеңдер" деп қояды әжем.


9 немересі бар. Бірақ, әжемнің де анамның да барлық мәселесі менің мойнымда. Алып кетейін деп барсам,ешқайда бармаймын дейді. Бірақ,өзіне тамақ жасап,далаға серуенге шығып келеді. Жасы 97 де. 

Кімнің осындай жастағы қарты бар?

Мен әжемді алдап алып кетіп,үйін ремонттап,қоқыстарын тастап,көнбесе де рұқсатсыз үйін өзгертіп тастасам ренжіп ауырып қалмай ма?
Ертең алып кетіп ремонтты бастауым керек еді.Қалай болар екен деп басым қатып отыр".

Соңғы жаңалықтар