Келесі жылы жүзге толатын әже өзінің мерейтойына орай көйлектер санын мыңнан асыруды көздеп отыр. Әженің қолынан шыққан көйлектер тек сапасымен ғана емес, сонымен қатар, сәнімен де ерекшеленеді. Яғни, көйлектердің сән үлгісі бір-бірін қайталамаған. Лилиан әже көйлек тігуді таңертеңгі уақыттан бастайды. Түскі ас кезінде үзіліс жасап, аздап тынығып алғаннан кейін қайта көйлек тігуге отырады. Күніне бір көйлектен тігеді екен.
