А. Дәулетияров «МУЗ-ТВ. Гравитация» шарасының арнайы қонағының есімін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Дәулетияров «МУЗ-ТВ. Гравитация» шарасының арнайы қонағының есімін айтты

А. Дәулетияров «МУЗ-ТВ. Гравитация» шарасының арнайы қонағының есімін айтты

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «МУЗ-ТВ. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімінің ұйымдастырушысы Арман Дәулетияров шараға

  • 5 Маусым 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

франциялық әнші Imany-дің қатыса алмайтынын жеткізді.

"Біз өзіміз Imany-дің сырқаттанып қалуына байланысты шараға келе алмайтынын бірнеше күн бұрын ғана білдік. Одан басқа барлық қонақтар келді, барлық билеттер сатылды», — деп атап өтті ол.

Брифинг барында Imany жазған бейнеролик көрсетілді, онда әнші шараға қатыса алмайтынына өкініш білдіріп, барлық қатысушыларға сәттілік тілеген.


Сондай-ақ, А. Дәулетияров шараның тағы бір арнайы қонағы — канадалық әнші Glenn Morrison-ды таныстырды.

Айта кетейік, "МУЗ-ТВ. Гравитация" шарасы бүгін "Астана Арена" стадионында өтеді. Өнер кешін Максим Галкин, Андрей Малахов, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева және Нұрлан Қоянбаевтар жүргізеді. Қазақстандық тағы бір жүргізушінің есімі әзірге құпия сақталып отыр.