А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады.

  • 9 Тамыз 2015
  • 489
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы

1990 жылдан — ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан — Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан — ҚР Бас хатшысы. 1996 жылдан — ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан — ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан — ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан — ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан — ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері — Алмакты қаласының әкімі.


«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы (2008 жылдан).

«Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар