Ә. Исекешев өңірлерде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә. Исекешев өңірлерде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді

Ә. Исекешев өңірлерде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді

Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Ақтөбе және Қостанай облыстарында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 294
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«2 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асуы барысымен, сондай-ақ Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған және салынып жатқан нысандармен танысу мақсатында Ақтөбе мен Қостанай облыстарына барады»,-деді ресми өкіл.

Атап айтқанда, Ә. Исекешевтің қатысуымен «Ақтөбе-Инвест-2013» инвестициялық бірінші форумын өткізу жоспарланған.