Бұл туралы Еkaraganda.kz. хабарлады.
Қиын жағдайдағы кембағал жан туралы Абай қаласының тұрғыны Ольга Смолякова хабарлаған. 52 жастағы әйелдің аты Светлана екен. Ол 20 күндей ауруханада болып, ем аяқталған соң барар жері болмаған екен. Оның құжаттары да, ақшасы да жоқ. Ал қызы одан бас тартқан, туыстары да маңайлағысы келмейді. "Баламмен серуендеп жүргенмін, кенет балалар жүгіріп келіп, қираған үйлер маңында қозғала алмайтын әйелдің отырғанын айтты. Бардым. Расымен креслода отыр, үстіне көрпе жауып қойған", — дейді Ольга. Ол әкімдікке де, полицияға да хабарласып, көмек сұраған екен.
Алайда екі ведомствода да құжатсыз әйелді ешқайда қабылдамайтынын айтқан. Енді ол көмек болмаса, Светлана осылай өліп кетеді деп уайымдап жүр. Жүре алмайтын әйел еңбектеп қоқысқа дейін барған да, талғажау етер азық іздеген. Оны осындай күйде бір қыз тауып алып, креслоға отырғызып, үстіне көрпе жапқан. Кейін үйінен ыстық тамақ әкелген екен. "Менің түсінгенім ауруханаға дейін кездескен жұмыс істеп, күн көрген. Мүмкін ішкен де болар. Оны ешкім өзіне алғысы келмеген. Сосын не болғаны белгісіз, аяғы ісіп, жүруден қалған. Мен де оған ыстық шай әкелдім. ал тамақтан бас тарты, үлкен дәретті астына жіберіп қоямын деп қорқады", — дейді Ольга. Ольга қиын жағдайға қалған Светлананы өз үйіне де алып кете алмайды, ол үш бала асырап отыр. Сондықтан биілк пен бей-жай қарай алмайтын тұрғындардан демеу бола ма деген үмітпен отыр
Өзге де тақырыптар:
Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген
Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ
ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады