"Абайды да замандастары түсінбеген, уақыт өте бәрі мойындады. Найнти-уанды да қазір ешкім қабылдамайды" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абайды да замандастары түсінбеген, уақыт өте бәрі мойындады. Найнти-уанды да қазір ешкім қабылдамайды"

"Абайды да замандастары түсінбеген, уақыт өте бәрі мойындады. Найнти-уанды да қазір ешкім қабылдамайды"

Қуаныш Шонбай есімді азамат Найнти-уан тобына қатысты пікірін білдірді. 

  • 16 Қазан 2018
  • 268
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Кеше @ninetyone -ды сторизге салғанан кейін біраз отзывтар келді. "Аға, осыларды салмай-ақ қойыңызшы. Екінші болма емес, қызтеке болма деңіз оларға!" — секілді әңгімелер ғой.

Осыған орай мынаны айтқым келеді: әркім, басқаға зияны тимегенше, ар-намыс пен зұлымдыққа ашық түрде шақырмайынша, заң шеңберінде өз таңдауын жасауға құқығы бар.

Мен және сіз, басқаның таңдауын қабылдауымыз керек. Егер мен түсінбесем, қабылдамасам, ол адамның таңдауы дұрыс емес дегенді білдірмейді. Оны тек уақыт көрсетеді. Жеме-жем келгенде, Абайды да замандастары түсінбей, қабылдауы қиын болған. Оған Абай талай қарсы уәж де айтқан. Тек уақыт өте келе Абайды қазақ толық мойындады. Расында, уақыт қана нағыз шын төрелігін береді.

Мейлі, таңдауы қате болып шығуы да мүмкін, ол тек сол адамның проблемасы. Өзге мен өзімізге қателесу құқығын бере білуіміз керек. Шыны керек, мен жігіттердің алғашында тек өлеңдерін естідім. Вокалы мен тректеріндегі биттері қатты ұнады. Кейін шаштарын ел шулаған соң көрдім. Жасыл, қызыл, сары шаштары олардың жақсы әртіс екендерін өзгерткен жоқ. Қаласа маған десе қоңырға боясын, тек әндерінің сапасын құртпасын.

Шындап келсек, бұл шаш үлгісі мәселесі емес. Бұл-бастағы шектеулердің мәселесі. Егер мен, өзгенің баласына біртүрлі болуды қимасам, өз балама ол шансты беремін бе? Асыл қасырет осында. Қазақтан шығуы мүмкін талай талантты режисер мен актер, саксофанист, аспазшы, кәсіпкер, фотографтың осындай шектеулердің құрбаны болып кетуі — негізгі қасірет. Өз арманын орындау — тек орыс тілді қазақтардың құқығы болып қалмауы керек. Өзгенің таңдауын қабылдамаған, өзінің таңдауын да қабылдай алмайды", деп жазды желідегі парақшасында. 

 

Соңғы жаңалықтар