А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында ауруды бәсеңдететін жаңа дәрі жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында ауруды бәсеңдететін жаңа дәрі жасалды

А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында ауруды бәсеңдететін жаңа дәрі жасалды

ҚР білім және ғылым министрлігінің А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының дәрілік заттар химиясы жөніндегі зертханасында ауруды бәсеңдете алатын (анальгетикалық әсері бар) және дененің белгілі бір бөлігін жансыздандыру қабілетіне ие бірегей препарат жасап шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы Қалдыбай Пірәлиев хабарлады.

  • 10 Қараша 2003
  • 837
Фото - Caravan.kz

Қалдыбай Пірәлиевтің хабарлауынша, жаңа дәрі жоғары активті, улылығы аз болумен бірге емдік әсеріне қарай медицинада дәстүрлі қолданылатын дәрілерден асып түседі. Қазір бұл дәрілер клиникалық зерттеулер қарсаңындағы сынақтардан өтуде.

Сондай-ақ, 25-қазанда Қ.Пірәлиев басқаратын зертхананың жеті қызметкеріне «Қазақстанға тән синтетикалық және өсімдік текті шикізаттардан отандық жаңа әрі бірегей емдік дәрілер жасап, оны қолданысқа енгізгені үшін» ғылым, техника және білім саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері деген құрметті атақ берілді.