Мәліметке қарағанда, күдікке Қазақстанның Италиядағы елшісі Андриан Елемесов, оның кеңесшісі Нұрлан Хасен пен атташе Ержан Есіркепов ілініп отыр. Арызданушы Мәдина Әблязова дипломаттар 31 мамырда анасы Алма Шалабаева мен алты жасар сіңлісі Алуаны күштеп ұшаққа отырғызып, Алматыға заңсыз ұрлап әкетті деп айыптауда. Сондықтан дипломаттарды иммунитетінен айырып, қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр. Тіпті Рим прокуратурасы тергеуді бастап, қазақстандық дипломаттардан жауап алуы мүмкін. Егер кінәлары дәлелденсе, 15 жылға бас бостандықтарынан айрылуы ғажап емес. Бұған қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі әзірше ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бір айта кетерлігі, қазір Франция түрмесінде отырған қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың төңірегінде туындаған дау Италия азаматтарын әбден қажытқан секілді. Осы елдің ғаламтор қолданушылары қандай жағдай болса да қазақстандық дипломаттарды жауапқа тарту ақылға сыйымсыз екенін жазып жатыр. Халықаралық конвенцияның талабы да осы.
— Бұл бітпейтін телесериалға айналып кетті… Әблязов алаяқ. Қылмыскерді періште қылып көрсетудің қажеті жоқ!
— Италия соты дипломаттарды жауапқа тартып, әлем алдында масқара болмауы тиіс! Өйткені халықаралық конвенция бойынша, елшілер қылмыстық жазаға тартылмайды.