Жарияланды: 30

Абырой Азаматов Талдықорған қаласының көлік прокуроры болып тағайындалды

Абырой Азаматов Талдықорған қаласының көлік прокуроры болып тағайындалды

 

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Абырой Азаматов Талдықорған қаласының көлік прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абырой Азаматов Халықұлы 1981 жылы туған. Жүсіп Баласағұн атындағы ҚазҰУ-ды заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Әр түрлі уақытта ол Жамбыл облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және Бас көлік прокуроры қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін ол Бас көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі – басқарма бастығы қызметін атқарды.

Прокуратура органдарында 13 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін