Адам қағып өлтірген жүргізушілер 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам қағып өлтірген жүргізушілер 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

Адам қағып өлтірген жүргізушілер 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

Елімізде жолдағы жүгенсіздікке қарсы ауқымды күрес жарияланды. Енді кішігірім ереже бұзғандар жаппай жазаланбақ. Ал рөлге арақ ішіп отырғандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Оларға салынатын айыппұлдың көлемі 800 мың теңгеге дейін өседі.

  • 30 Қазан 2013
  • 316
Фото - Caravan.kz


Өйткені жүгенсіз жүргізушілердің кесірінен жүздеген жанның өмірі күн сайын жолда қиылып жатыр. Тіпті азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирияда мұндай өлім-жітім жоқ. Дені сау адамдардың ай-күннің аманында қырылып жатқанына Елбасы алаңдаушылық білдіріп, Ішкі Істер министріне талапты күшейтуді қатаң тапсырған еді. Күтпеген жерден ширақ қимылдауға көшкен полиция қолданыстағы заңға шұғыл өзгерістер енгізіп жатыр. Қазір құжат Мәжілісте қаралуда. Соған сай енді мас күйінде тізгінге отыратындардан бөлек, адам қағып өлтірген жүргізушілер 20 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Ал жылдамдық асырып, қарсы бағытқа шығатындар бірден 9 айға куәлігінен айырылмақ. Себебі жол апатының тоқсан пайызы осындай жүргізушілердің кесірінен орын алады екен.