Адам терісінен жасалған әмиянтабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам терісінен жасалған әмиянтабылды

Адам терісінен жасалған әмиянтабылды

Ақтаудың өлкетану мұражайында адам терісінен жасалған әмиян сақтаулы тұр. Жұрттың жағасын ұстататын бұл жәдігерді кезінде ардагерлердің бірі тапсырыпты. Соғыстағы олжасын қарт майдангер жарты ғасыр бойы үйінде сақтаған.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz


Адам терісінен жасалғаны болмаса, басқа портмонелерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Төрт қалтасы бар, ұзындығы 10-15 сантиметр болатын әмиянның іші матамен қапталыпты. Алғаш рет мұражайға 1995 жылы тапсырылған әмиянды қазір 9-шы мамыр қарсаңында көрмеге қоюға әзірлеп жатыр екен. Қаржы болмағандықтан әзірге оның неден жасалғанын нақтылау қиынға соғыпты. Мұражай қызметкерлері ардагердің сөзіне сенген. Ал тарихшылар оны соғыс кезінде концлагерлердің бірінде жасауы мүмкін деген болжам айтуда. Себебі, қазір әлемнің әр түкпіріндегі мұражайларда адам терісінен жасалған осындай абажуралар, дорбалар мен қолғаптар көп кездеседі. Тіпті адам майынан жасалған сабынға дейін сақталыпты. Тоталитарлық режимдерден қалған бұл тәбәріктер адамзат тарихындағы айуандықтарға куә болып әлі тұр.