Адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін, шыққан жерін, тілін, дінін біліп жатыр - Филолог - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін, шыққан жерін, тілін, дінін біліп жатыр - Филолог

Адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін, шыққан жерін, тілін, дінін біліп жатыр - Филолог

Қазіргі таңда мемлекетік тілі, қазақ тілі қарқынды түрде дамып келеді. Қазақ тіліне деген қызығушылық соңғы уақытта қарқын алуда. Қазір ана тіліміз қандай деңгейде? қандай өзгерістер орын алуда?

  • 22 Қазан 2022
  • 362
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де сұрақтарға "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының мүшесі, филолог, “Махаббаттың мәні” кітабының авторы Айбек Нәби Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап береді.

— Айбек мырза, ең алдымен рухани жағынан дами алып жатырмыз ба? Ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты қайта жаңғырта алып жатырмыз ба? 

— 2005-2006 жылдары Сэмюэл Хантингтонның «Столкновение цивилизации», — деген кітабы танымал болған. Сол жылдары студент кезімізде ол кітапты барлығымыз оқыған болатынбыз. Сол жерде бір-ақ соғыстың болатыны жазылған. Әлем бойынша бір-бірінің жері үшін соғысу деген бітті, ендігі соғыс мәдени соғыс болады деп жазылған. Заман адамзатты күннен күнге сығып келе жатыр, Бұрын әлемде үш толқын болды деп жазылған кітапта. Сол толқын арқылы адамзатты өзгертіп жіберген. Бірінші толқын ол – үңгірде тұратын адамдар егін егуді үйренді. Егін егуді үйреніп еді, бірінші рет қалалар пайда болды. Үлкен қалалар пайда болды. Яғни, үңгірде жүрген адамдардың келбеті өзгеріп кетті. Ал екінші толқын пайда болған сәт ол – пароход пен теміржолдар пайда болған кез. Бұрындары тек жақын жерлерді ғана жаулайтын едің,ұзақ жерге бара алмайтынсың. Темір жол мен пароход пайда болған кезде, адамдар ана құрлықты да, мына құрлықты да жаулай береді. Бір-бірімен араласа бастады. Мысалы, ақ нәсілді адамдар Африкаға барады. Олардың екеуінің мәдениеті бір-бірімен бетпе-бет келеді. Бұл әлемнің екінші деңгейін өзгертіп жерді делінген кітапта. Содан үшінші толқын басталды, ол – интернеттің толқыны. Бұрынғыдай сен кемемен ешқайда бармайсың, сен интернетте ашып қалып Америкада болмаса басқа елде не болып жатқанын көресің. Бұл адамның санасында мәдени төңкеріс жасады. Бұрындары қазақтардан басқа халық жоқ, қазақтар ғана ұлы халық деген ой болған. Ал қазіргі заманда көптеген мәдениеттер тоғысқан. Ондай кезде адамдар “анау андай істеп жатыр, мынау мынадай істеп жатыр”, — деген мәдени шок алады. Сол кезде адамдар "біз негізі кім едік, тегіміз кім еді" деген сұрақ қойып, өзін іздей бастайды. Осылай төртінші толқын пайда бола бастайды. Ол адам өзінің тегін, салтын, дәстүрін іздей бастайды. Қай елде де болсын бәрі өз тегін іздей бастайды. Бұған не дәлел деген кезде генеология деген шықты. Адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін біле бастап жатыр. Осылардың дәуірі басталды деген сөз. Осылардың барлығы айналып келгенде өзінің мәдениетіне, өзінің салт-дәстүріне келді. Хантинг өз кітабында тек мәдениеттер бір-бірімен соғысады деп жазған. Мысалы, бізде діни мәдениет болып жатыр. Хиджаб әлі де дау болып жатыр, оны мәдениет соғысы деп толықтай айта аламыз. Адам өзінің салт-дәстүрін, мәдениетін іздеген кезде, үкімет мұндайды өзінің қолына алады. Сол себепті «Рухани жаңғыруды» қолға алуымыздың өзі заңдылық. Латын алфавитіңді құрып, өзіңнің дыбыстарыңды сақтап қалу керексің. Кесенелердің барлығы жаңғырып жатыр, Түркістан, Арыстан-Баб барлығы жаңғырып келе жатыр. Мұның барлығы өзіміздің, қазақтың жаңғыруы үшін жасалып жатыр. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» мен үшін ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, біздің кесенелеріміз.

— Қазіргі таңда қазақ тіліне деген сұраныс жоғары бұл не нәрсеге байланысты деп ойлайсыз? Тіпті бұрын қазақша сөйлемейтін танымал адамдардың өзі сөйлеуге тырысуда…

— Өйткені, жаңа ғана айтқанымдай барлығы жаңарып келе жатыр. Ол салт-дәстүріміз де, әдет-ғырпымыз да, кесенелеріміз де. Адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін біле бастап жатыр. Осылардың дәуірі басталды деген сөз. Осылардың барлығы айналып келгенде өзінің мәдениетіне, өзінің салт-дәстүріне келді. Міне, бәрі осыдан басталып жатыр. Жасыратыны жоқ, Украинадағы соғыстан кейін қазақтардың, қазақстандықтардың өз ана тіліне, мемлекет тіліне деген қызығушылығы оянып келе жатыр. Қазір әрбір азамат мейрамханалардан қазақ тілінде мәзірді талап ететін болды, барлық жерде қазақша сұрайтын болды. Бұрындары олай белең алу көп бола бермейтін. Равиль Мухаряповтың да жағдайы ана тілімізге де қызығушылықты одан сайын оятты, намысымызға тиді. Қазір ол жағдайдан кейін барлық жерде қазақша талап ететін болдық, кәсіпкерлердің өздері барлығын қазақ тілінде ету үшін барын салуда. Бұл не деген сөз? Бұл адамдар ДҢҚ-дан өтіп, өзінің тегін, шыққан жерін, тілін, дінін біліп жатыр деген сөз. Мысалы Мухаряповтың жағдайы осыдан 10 жыл бұрын орын алса, ол қатты шу болмас бе еді?! Ал қазір жағдай мүлдем басқа.

— Елімізде қазақ тілінде қызмет жасамайтын жерлер, мейрамханалар болып жатады. Ол кезде не істеген дұрыс?

— Бұл сұраққа менің жауап беруім қиын, өйткені мен заңгер емеспін. Бұл сұраққа адвокат Абзал Құспан жақсы жауап берер еді. Оның соңғы жағдайларға байланысты Facebook желісіндегі парақшасында жазылған посттары бар, сол жерден көрсеңіз болады. Оларды тексеретін, қадағалайтын арнайы уәкілетті орган барын ғана білемін. Дегенменде әлеуметтік желіге жариялау арқылы да көптеген өзгерістер алып келуге болатынын білемін.

— Латын қарпіне келсек, әлі де көптеген келіспеушіліктер орын алып жатады. Латын әліпбиіне көшуіміз керек пе? Сіздің ойыңызша латын әліпбиіне көшетін уақыт жетті ме?

— Иә, латынға тез арада көшуіміз керек. Ол кезек күттірмейтін тіпті талқыланбайтын нәрсе. Латын әліпбиі оны күтсең де, күтпесең де бәрібір көшетін нәрсе. Латынға өтсек, мына әріптерден айрылып қаламыз деген қате пікір. Ол шартты нәрсе, бастысы ол сенің дыбысың. Дыбысты сен қанша әріппен таңбаласаң да ол жүре береді. Арабтың төтесімен таңбаласаң да немесе латынға саласың ба оның еш айырмашылығы жоқ, бәрібір дыбыс қала береді. Ал кириллица бізге ұлттық нәрсе сияқты қалған. Кириллица орыстарға 1940 жылы енгізілген нәрсесі. 30-шы жылдары латынға өтейік дегенде де бәрі шок алған, одан кейін 10 жыл латынмен жүріп, кириллицаға өтейік дегенде де адамдар шок алған. Сондықтан ол өтетін нәрсе. Әлем бойынша бағдарламау 26 әріппен ғана жасалып жатыр. Орыстардың өзі де бағдарламауға ілесе алмай түбінде амал жоқ латынға өтеді. Заманға ілесу үшін латын әліпбиіне бәрібір де өтесің. Африка, Бразилия сияқты тайпалар бар, ешкіммен араласпайтын өзінің әліпбиі бар. Егер солай өмір сүргің келсе, латынға көшпесе де болады. Ал егерде заманға ілескің келсе онда қаласаң да, қаламасаң да латын әліпбиіне өтесің.

Соңғы жаңалықтар