Бишімбаевтардың шопыры болған жігіт бар шындығын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтардың шопыры болған жігіт бар шындығын жайып салды

Бишімбаевтардың шопыры болған жігіт бар шындығын жайып салды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасын көлікпен тасып, олардың шопыры болған Абзал Достияр бар шындықты жайып салды.

  • 20 Мамыр
  • 438
Dalanews

Бұл туралы ол Youtube желісіндегі арнасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен Бишімбаевтар отбасына көлік жүргізуші болып жұмысқа кірген болатынмын. Бұл Қуандық Бишімбаевтың түрмеде отырған уақыты еді. Астанада тұратын, бірінші қызым енді өмірге келген кезім еді. «Осындай кісілерге көмек керек екен» дегеннен кейін Қуандық Бишімбаевтың әке-шешесі екенін білдім. Жалғыз ұлдары түрмеде отырған кезде хан көңіл оймен көмектесейін дедім. Олар күніне «3 мың теңге төлейміз» деді. Мен 3 мың теңгені 1,2 жолаушыны апарып тастап-ақ табамын. Бірақ, қиындық көріп отырған отбасыға көмектесейін дедім. Өйткені мен ата-әженің баласымын. Сондықтан үлкен кісілерге қолғабыс болсын деген ой болған. Әйтпесе, сол 3 мың теңгеге қарап қалған жоқпын. Бірақ олар өте нашар адамдар екен. Өйткені, мен оларға бар жоғы 3 күн ғана шыдадым. Мен Қуандық Бишімбаевтың әкесін де, шешесін де тасыдым. Үйлерінде болдым, үй қызметшілерін де көрдім. Олар менімен өте биік деңгейде, дөрекі түрде сөйлесіп бастады. Мен «ренжімеңіздер» дедім де кілтін қолына ұстасып, кетіп қалдым», — деді Абзал Достияр.