Адамдарды су тасқынынан қорғайтын қауіпсіз жер қалмады - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамдарды су тасқынынан қорғайтын қауіпсіз жер қалмады - журналист

Адамдарды су тасқынынан қорғайтын қауіпсіз жер қалмады - журналист

Түн ішінде шырылдаған халық қауіпсіз жерді қайдан іздейді? Қайдан табады? Қайда барады? Ойға қаша ма, қырға қаша ма?

  • 3 Сәуiр
  • 35
Фото: ашық дереккөз

Бір ауылда «Су деңгейінің көтерілуіне байланысты, құжаттарыңызды алып, қауіпсіз жерге барыңыздар» деп, полиция серенасын қиқулатып, айғайлап, халыққа хабарлап жүрген видео тарады. Оны көрген журналист Сәуле Әбілдаханқызы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қауіпсіз жер деген қай жер? Үш күнде, ең құрымаса, қауіпсіз жерге сол ауылдардың халқын эвакуациялауға болар еді ғой… Бүкіл аймақтарды су басып жатқанда, екі күннен бері жаңбыр толассыз жауып тұрғанын, айналадағы көлдер ернеуінен асып-тасып тұрғанын көрген бойда, қауіп төнгенін сезген сәттен бастап халықты көшіріп алуға болмады ма? Түн ішінде олар қауіпсіз жерді қайдан іздейді? Қайдан табады? Қайда барады? Ойға қаша ма, қырға қаша ма?

Тым болмаса, «ең қауіпсіз жер — мына жер, сол жерге жиналыңыздар» деп, белгілеп, нақтылап, бір нүктені айтсаңдаршы, жаяу-жалпы, шұбырып болса да, жүгіріп болса, бірдеңе ғып сол жерге жетіп алсын…

Жалпы, болашақта әр ауылдың ең биік нүктесінен биік тұғырға берік етіп, бір ауыллың адамдары сыятындай кең етіп бір-бір «убежище» салып қою керек шығар… ақыры суды алыстан айналдырып ағызып жіберетін арықтар мен каналдар қазуы екіталай.

Құдай артының қайырын берсін!

Халық аман болсын!, — деп жазды журналист.

Соңғы жаңалықтар