Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды

Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды

Android-смартфондарын зиян программа шабуылдады.

  • 13 Сәуiр 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Ол WhatsApp көшірмесі бола отырып, қолданушылардың жеке басына байланысты деректерін ұрлайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желілерде WhatsApp Plus деген атаумен тарап жатыр. Оны телефонға жүктегенде белгілі бір сілтемеге басуды талап етеді, ал гаджетке толық орнатылған соң мессенджердің клиенті бола отырып, тағы бір қосымшаны орнатуға кеңес береді. Бұл туралы Malwarebytes Labs сайты жазады.

Мамандардың айтуынша, бұл зиян келтіретін қосымша. Ол қолданушылардың жеке деректерін алып, үшінші біреуге жеткізеді. Сондықтан Android құрылғыңызда WhatsApp-тың «сыңарын» көре қалсаңыз, оны бірден өшіріп тастаңыз.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда анасы ұйықтап қалып, қасында жатқан бес айлық сәби көз жұмған
Таразда 10 жасар жеткіншекті зорлап, буындырып өлтірген жасөспірім жазадан жеңіл құтылып кетті
Соңғы жаңалықтар