Әдебиет пен өнер саласының үздіктері Президенттің қолынан Мемлекеттік сыйлықтарды алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әдебиет пен өнер саласының үздіктері Президенттің қолынан Мемлекеттік сыйлықтарды алды

Әдебиет пен өнер саласының үздіктері Президенттің қолынан Мемлекеттік сыйлықтарды алды

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын тапсырды.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 790
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Мемлекеттік сыйлыққа жазушы Сәбит Досанов — «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін; ақын Несіпбек Айтұлы — «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін; әнші Әлібек Дінішев — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы үшін; скрипкашы Гауһар Мырзабекова — «А.Вивальди-А.Пьяцолла «8 сезонов», «Intrabaroque» концерттік бағ­дар­ламалары үшін ие болды.

Қазақ музыка өнерін дамытуға және оны көпшілікке таратуға қосқан ерекше үлесі, белсенді шығармашылық, сондай-ақ педагогикалық қызметі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс» сыйлығы Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкіроваға берілді.

Сондай-ақ,ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Ұлттық медициналық орталық» АҚ бас директоры Абай Байгенжин, «Парасат» орденімен «Цесна» корпорациясы АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серік Жақсыбеков пен «Цесна-Астық» концерні» басқармасының төрағасы Николай Мещеряков марапатталды.

Сондай-ақ «Құрмет» орденімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті басқармасының төрағасы Ақылбек Күрішбаев, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Астана су арнасы» мекемесінің бас директоры Уәлихан Досаев, «Шапағат» медалімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ләззат Аяшева наградталды.

Бұдан бөлек, 7 азамат «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алса, 9 елордалық Қазақсан Республикасының Құрмет грамотасына ие болды.
Және де Ауған соғысының бірқатар ардагерлеріне мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерейтойына орай II дәрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облыстық «Жауынгерлік бауырластық» жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нүркен Қаражанов пен Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының бірінші орынбасары Қайрат Елубаев, III дәрежелі «Айбын» орденімен Қызылода облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Сәкен Махамбетов, «Құрмет» орденімен Ақтөбе облыстық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасыновтар марапатталды.