"Адем" сауда үйіне өрт қойған айыпты ретінде жаңа "фигурант" пайда болған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Адем" сауда үйіне өрт қойған айыпты ретінде жаңа "фигурант" пайда болған

"Адем" сауда үйіне өрт қойған айыпты ретінде жаңа "фигурант" пайда болған

Өртенген "Адем" сауда үйінің сатушылары тергеушілерімен соттасып жүр. Алмалы аудандық сотында тараптар алғаш рет тыңдалды.Бұл

  • 19 Тамыз 2016
  • 519
Фото - Caravan.kz

Өртенген "Адем" сауда үйінің сатушылары тергеушілерімен соттасып жүр. Алмалы аудандық сотында тараптар алғаш рет тыңдалды.Бұл туралы алматы арнасы хабарлады.  Әбден шығынға батқан кәсіпкерлер тергеуді тым созып жіберген екі тергеушіні айыптап, судьядан оларды ауыстыруды сұрап отыр. 1 жарым жылдай тергелген істің нәтижесіне саудагерлер қанағаттанбайды. Тергеуді жеделдетіп, істі соңына жеткізуді талап етуде.

Пожардың болғанына  бір жыл алты ай болды. Біздерді ит қылып, ары бері жүргізіп қойды. Ар жаққа да бер жаққа да. Ал енді ешкім жауап бергісі келмейді. ІІД-на барсақ алдында 2-3 сағат тұрамыз.  Мына жаққа барсақ есік жабық. Бізді бір жыл алты ай күттіріп қойды,- деді кәсіпкер, Күнхия ГЕМАТОВА.

Бұған қоса, кәсіпкерлер төтенше оқиғаның себеп-салдары бұрмаланып жатыр,- деп мәлімдеді. Айтуларынша, істе сауда үйіне өрт қойған айыпты ретінде жаңа фигурант пайда болған. Саудагерлер күдіктінің жеке басын өз беттерінше анықтап, көп балалы келіншектің өртенген базарда сауда жасағанына күмән келтіріп отыр. Оған қоса, күдікті 45 кәсіпкердің 10 млрд теңгеден астам шығынын өтеп беруге шамасы жетпейді,- деп санайды. Тергеудің алдын-ала болжамы бойынша, айыпты келіншек сауда орталығында шамды сөндірмей кеткен. Еске салайық, 2015-жылы 26 сәуірде Алматыдағы "Адем" сауда үйі өртке оранды. Ал, саудагерлердің ісін тергеп жатқан Ішкі Істер Департаменті қызметкерлерінің айтары басқа.

"Біз жәй ғана ұрлық дерегі бойынша іс тергеп жатқан жоқпыз. Шығын көлемі үлкен. Өндірістік іс менің қолымда емес. Ары қарай тергеу үшін Жетісу аудандық прокуратурасына жолданды. Бұл қылмыстық іс. Мұндай істер 10 жылға дейін тергеледі. Ал бұл істі тергеу бар болғаны 1 жарым жылға созылып отыр",- деді Алматы қаласы ІІД полицияның аға лейтенанты, Әсел ХАЙРУЛЛИНА.

Соңғы жаңалықтар