— Осы сен неге тамақ жеген уақытта аяғыңды тамағыңа батырып тұрасың?- деп сұрапты.
— Мен тамақты тек қана аузыммен емес, аяғыммен де сезінгім келеді,- деп жауап берді доңыз.
– Мен аяғыммен тамақты сезінген кезде екі есе ләззат аламын.
— Өнегелілікке лайық дастархан басында өзін ұстау әдебін қайда қоямыз? — деп сұрады одан.
— Әдеп, этика деген айналағыңдар үшін арналған нәрсе, ал ләззат тек өзің үшін. Егер ләззаттың негізі менің табиғатымнан болса, ләззаттың өзі пайда береді,- деп түсіндірді дана доңыз.
— Енді әдеп те пайда әкеледі ғой!
— Егер әдеп тамақтан алатын ләззатқа қарағанда артығырақ пайда әкелетін болса, онда мен тамағыма аяғымды батырмаймын, — деп тәкаппар жауап берген доңыз өз ісімен кете барды.…
Автор: Жүрсін Кәрім