Жарияланды: 560

Әділет министрлігі: өзін өлтірген павлодарлық тұрғынды пәтерден шығару заңды

Кепілде тұрған пәтерді босату туралы сот шешімі 2010-шы жылы қарашада шығарылған, сондықтан сот орындаушылары келіп пәтерді босатпақ болғанда өзін шатырдан тастап өлген борышкерді пәтерден шығару заң шеңберінде болды, деп ҚР әділет министрлігінің сот актілерін орындалуы жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Әбдікәрім Ақжанов мәлім етті.

«Сот шешімі шығып оның орындалуына дейін 8 ай өтті. Заң бойынша сот актісін орындауға 2-4 ай кетуі тиіс», - деді ол журналистердің жұма күні қойған сауалына жауап беріп. Одан басқа, биыл ақпанда қыстың қатаңдығын ескеріп, жылу маусымы аяқталмайынша, яғни 15-ші сәуірге дейін борышкерлерді пәтерден босату туралы сот актісін орындамай тұрайық деген шешім қабылданған. «Қолдан келетіннің барлығы жасалды. Екі жақ та аппеляциялық сотқа жүгініп, ол бұрынғы сот шешімін күшінде қалдырды. Сондықтан сот атқарушылары сот актісін орындады», - деді комитет төрағасының орынбасары. Ә. Ақжанов сот атқарушылары сот актісін қайта қарауға құқықтары жоқ екенін еске салды. Оны әділет министрлігінің ресми өкілі де растады. Еске салсақ, Павлодар тұрғыны Марат Нүркенов 24-ші мамырда кепілдікте тұрған пәтерден оны шығарып жатқанда 9-ші қабаттан өзін тастап жіберіп қаза болды. Ол борышкер Қайрат Нүркеновтың туған ағасы. Бұл пәтерде борышкердің 6 кәмелетке толмаған баласы мен әйелі және анасы тұрып жатқан. Туыстарының айтуынша, қаза болғанның отбасы «БТА Ипотекадан» Т3 млн неисе алған. Содан қалған қарыз Т600 мың екен. «БТА Ипотека» баспасөз қызметінің айтуынша, 2008-ші жылдың басында Қ. Нұркенов $30 мыңды «пәтерді жөндеуге» деген мақсатпен алған. Оған кепіл ретінде Павлодардағы пәтер қойылған. Бұл ретте, кейін белгілі болғандай, Қ. Нұркенов өзінің отбасы мен әлеуметтік жағдайы туралы анықтаманы тапсырғанда шындыққа жанаспайтын мәліметтер беріп, оның қамқорлығында отырған туыстарын көрсетпеген. Одан кейін ол несиені алудан жарты жыл өткен соң, кредитті ол жөндеу жұмыстарына деп емес, бизнесті кеңейткісі келіп, кейін шығынға отырып қалған өзінің құдасына деп алғанын айтқан. Қ. Нұркенов өзінің мойнына алған міндеттерін орындамай, кредитті алысымен оны өтеуді ай сайын созғылап отырған. Кредиттік келісімшартты бұзғандығы себепті компания кепіл мүлікті сотсыз сату процедурасына кірісіп кеткен, деді «БТА Ипотека» баспасөз қызметінен. Хабарда борышкер бір рет те күрделі материалдық жағдайы туралы шағым түсірмегені және борышын жеңілдету туралы өтініш түсірмегені айтылады. Ал БТА Ипотека Қ. Нұркеновтың қарызын қайта құрылымдауға дайын болған. 2010-шы жылғы наурызда пәтер жаңа иесіне сатылды. Бұл ретте Қ. Нұркеновтың компанияға қарызы Т600 мың емес, $30 мың болған, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть