"Он жыл бойы қорлап келеді": Ауқатты шенеуніктің әйелі күйеуінің өзіне көрсеткен жантүршігерлік азабы туралы жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Он жыл бойы қорлап келеді": Ауқатты шенеуніктің әйелі күйеуінің өзіне көрсеткен жантүршігерлік азабы туралы жайып салды

"Он жыл бойы қорлап келеді": Ауқатты шенеуніктің әйелі күйеуінің өзіне көрсеткен жантүршігерлік азабы туралы жайып салды

Желіде шетелдегі қазақ елшілерінің бірінің әйелінің жанайқайы пайда болды.

  • 6 Мамыр
  • 4233
Фото - Caravan.kz

Онда келіншек күйеуінен он жыл бойы қорлық көріп келе жатқанын ашық айтқан, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Не молчи» қорының ресми парақшасында жарияланған видеода өзін Мамаш Карина деп таныстырған әйел елден көмек сұрайтынын ашып айтқан.

«Менің атым Мамаш Карина Госманқызы, менің күйеуім — Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі — мені және менің үлкен әпкемді соғып тастады, ол маған 3-і күні қыдыруға келген. Мен елімізден көмек сұраймын, мен үндемеуден, бәріне көнуден шаршадым. Ол мені он жыл бойы зорлап, ұрып-соғып келеді, маған қазір қауіп төніп тұр, оның жанындағы менің балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекеттен көмек сұраймын.

Мен күйеуімнің маған жасаған физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық қиянаты үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. «, — деді ол.

Соңғы жаңалықтар