Жарияланды: 950

Әділет министрлігінің комиссиясы Арқалық түрмесінде қамаудағыларды соққыға жығу дерегі бойынша тексеруді бастады

ҚР Әділет министрлігінің комиссиясы Арқалық түрмесінде қамаудағыларды соққыға жығу дерегі бойынша тексеруді бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Арқалық түрмесінде жасырын камерамен түсірілген қамаудағыларды өлімші етіп ұрып-соғу көрінісі КТК телеарнасының 4-ақпандағы жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді. Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін "Сөз " газетінде аталмыш түрдеме отырғандардың ұжымдық хаты жарияланды. Сотталғандар онда түрмедегі соққыға жығу деректері туралы баяндаған. Аталмыш деректерді тексеру үшін ҚР әділет министрлігіне министрдің орынбасары Сабыржан Бекбосынов басқарған арнаулы комиссия құрылды. Сондай-ақ, әділет министрінің бұйрығымен қызметтік тексеру мерзімінде қылмыстық атқару жүйесінің Қостанай облыстық басқармасы мен түзету мекемесінің басшылары лауазымынан босатылды. Осы оқиғаға байланысты Қостанай облыстық прокуратурасы да жеке тексеру жүргізе бастады. Сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсету дерегін тексеру үшін Қостанай облыстық прокурорының орынбасары мен азаматтарды жазалау және ақтау процессетінің орындалуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Арқалыққа аттанды. Қостанай облыстық әділет департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, сотталғандарды ұрып-соғу дерегі дәлелденді. Соққыға жығылғандар мен оларды сабаған түрме қызметкерлері анықталды. Түзету мекемесінің төрт қызметкерінің үстінен лауазымдық құқығы мен билігін асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру мерзімі қашан аяқталатыны туралы мәлімет жоқ. Алайда, әділет министрлігінен хабарлағанындай, тергеу қорытындысы бойынша айыпты адамдарға ең ауыр жаза түрлері жүктеледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін