А.Есімов Лозаннада велосипед тепті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Есімов Лозаннада велосипед тепті

А.Есімов Лозаннада велосипед тепті

Ахметжан Есімов Алматының қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткерлігін қуаттау үшін Швейцарияның Лозанна қаласында велошеру өткізді.

  • 9 Маусым 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz

Алматы халықаралық спорттық жобалар дирекциясының өкілдері мәлімдегендей, қатысушылар Олимпиадалық қозғалыстың жүрегінде 5 шақырым қашықтықты еңсерді.

Айта кетейік, 2020 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге екі үміткер  — Алматы мен Бейжің қалалары қалды.

Алматы өзінің өтінімінің техникалық бөлімін 9-10 маусым аралығында таныстырады.


Ал жеңімпаз қала Куала-Лумпурда 31 шілдеде өтетін дауыс беру үдерісінен кейін белгілі болмақ.

2784797