Аға буын британдық жасөспірімдерді Facebook-тен ығыстыра бастады - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аға буын британдық жасөспірімдерді Facebook-тен ығыстыра бастады - зерттеу

Аға буын британдық жасөспірімдерді Facebook-тен ығыстыра бастады - зерттеу

Зерттеу барысында британдық жасөспірімдер соңғы уақытта Фейсбук әлеуметтік желісін пайдаланудан

  • 8 Қаңтар 2014
  • 509
Фото - Caravan.kz

жаппай бас тартып отырғаны анықталған.

Британия жастары әйгілі ресурсқа қарағанда WhatsApp, Snapchat, Twitter секілді қосымшаларға басымдық танытуда. Мамандардың пікірінше, бұған Фейсбукте ересек пайдаланушылардың көбейіп кетуі себеп болған.

«Егер бұрын ата-аналар балалары Фейсбукте көп отырады деп алаңдаса, қазір жасөспірімдер өздеріне ересектер осы әлеуметтік желіге көбірек фотосуреттер салуды өтінетінін айтады», — дейді Лондон университеттік колледж антропологиясының профессоры Дэвид Миллер.

Егер сен әр қадамыңды ата-анаң аңдып отырғанын білсең, өзіңді  еркін сезіне алмайсың, — дейді жасөспірімдер.


Дегенмен жасөспірімдер техникалық жағынан Facebook өзімен бәсекелестерден көш ілгері екенін мойындайды.