Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
My Universe әнінің тұсауы Қайраттың Алматыдағы отбасылық концерті кезінде кесілген болатын. Тыңдармандарына тағы да жаңашылдық ұсынғысы келген Қайрат бұл жолы “бір оқпен екі қоянды” атуды көздеген. Бір жағынан, алғаш рет ағылшын тілінде ән жаздырса, екінші жағынан інісін сахнаға алып шыққан ол дәл бүгін аталған туындыға түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті.
Гәкку арнасының YouTube-тегі парақшасында жария болған клипті аз уақытта 10 мыңға жуық жан тамашалап үлгеріпті. Бұл орайда тыңдармандар пікірі қақ бөлінді. Көпшілігі Қайраттың кәсіби маман екенін, алайда ағылшын тіліне келгенде ақсап қалғанын жазған.
“Қайраттың шығармашылығын құрметтеймін, бірақ ағылшын тілімен жұмыс істеуі керек”, – деп пікір білдірді. Ақтоты Момбекова есімді тыңдарман.
“Қайрош, осы қазақша айта бересің-ау деймін”, – деп қоштады Бейбіт есімді екінші тыңдарман.
Оқи отырыңыз:
Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!
Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды
Елбасы Қытайға ресми сапармен барды