Елбасы Қытайға ресми сапармен барды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қытайға ресми сапармен барды

Елбасы Қытайға ресми сапармен барды

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді.

  • 7 Маусым 2018
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Пекин қаласына келді. Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапармен баратыны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар