Жарияланды: 770

Ағымдағы жылдың аяғына дейін жеті концессиялық жобаны жүзеге асыруға байқау жарияланады - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың аяғына дейін жеті концессиялық жобаны жүзеге асыруға байқау жарияланады. Бұл туралы бүгін Халықаралық "ТрансЕуразия-2008" форумы аясында "Қазақстан Республикасының көлік саласындағы концессиялық жобалар" деген тақырыпқа арналған Халықаралық конференцияда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, мынадай жобаларға байқау жарияланбақ: Алматы - Қорғас, Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы, Алматы - Қапшағай автожолдарын қайта салу, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу, Астана - Қарағанды автожолын қайта салу, Бейнеу - Ақтау автожолын қайта салу, Астана - Щучинск автожолында интеллектуалды-көліктік жүйе енгізу, Орал - Каменка - РФ шекарасы автожолын қайта салу, Қарағанды - Балқаш - Қапшағай автожолын салу, Бейнеу - Шалқар автожолын салу. Бір жоба азаматтық авиация саласына қатысты: Қостанай қаласы әуежайын қайта салу. Темір жол көлігі бойынша: Бейнеу - Жезқазған темір жолын салу. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу жбасы (БАКАД) Ұзындығ - 68,5 шақырым. Құрылыс жұмыстарының шамамен алғандағы құны - 74500 млн теңге. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Биыл жобалық-сметалық құжатнаманы дайындауға қаржы бөлінді. Жобаға байқауды осы жылдың қазанында жариялау жоспарланып отыр. Алматы - Қапшағай автожолын қайта салу Ұзындығы - 79 шықырым (6 жолақты). Қайта салудың шамамен алғандағы құны - 50 000 млн. теңге. Қозғалыстың жиілігі - тәулігіне 25 000 көліктен астам. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Жобаға байқауды осы жылдың қазанында жариялау жоспарланып отыр. Астана - Қарағанды автожолын қайта салу Ұзындығы - 181 шықырым (6 жолақты). Қайта салудың шамамен алғандағы құны - 82 419 млн теңге. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Жобаға байқауды осы жылдың қазанында жариялау жоспарланып отыр. Алматы - Қорғас автожолын қайта салу Ұзындығы - 351 шықырым (4 және 6 жолақты). Қайта салудың шамамен алғандағы құны - 123 360 млн теңге. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Жобаға байқауды осы жылдың қазанында жариялау жоспарланып отыр. Бейнеу - Ақтау автожолын қайта салу Ұзындығы - 470 шықырым (ІІ техникалық категория, 2 жолақты). Қайта салудың шамамен алғандағы құны - 66 000 млн теңге. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Жобаға байқауды осы жылдың қазанында жариялау жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжатнама 300 км-ге дайындалды. Қарағанды - Балқаш - Қапшағай автожолын салу Ұзындығы - 760 шықырым. Құрылысың шамамен алғандағы құны - 425 000 млн. теңге. Жобаға байқауды жариялау 2010 жылға жоспарлануда. Бейнеу - Шалқар автожолын салу Ұзақтығы - 500 км (ІІ техникалық категория, 2 жолақты). Құрылыстың шамамен алғандағы құны - 75 000 млн. теңге. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін 2009 жылы дайындау көзделіп отыр. Астана - Щучинск автомагистралінде интеллектуалды-көліктік жүйені енгізу Ұзындығы - 224 шықырым (6 жолақты). Жобаның құны - 17 млрд теңге. Қозғалыстың жиілігі тәулігіне 30 000 көліктен астам. Жолды күтіп ұстау, интеллектуалды-көліктік жүйені енгізу, пайдалану және төлемақы жинауға жауап беретін бір операторды байқау негізінде анықтау жоспарлануда. Биыл Қазақстандағы алғашқы концессиялық жоба - Шар-Өскемен темір жол желісін салу жобасын тапсыру жоспарлануда. Ералиево-Құрық, Қорғас-Жетіген темір жол желілерін салу және Мақат-Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіру жобаларының концессионерлері анықталды, жобаларды жүзеге асыру басталып кетті. Жаңа Бейнеу-Жезқазған темір жол желісін (ұзақтығы - 988 км, құны - 274 млрд. теңге) салу жоспарлануда. Жаңа темір жол желісі Петропавловск-Шу және Озинки-Арыс деген екі маңызды магистральді бағытты өзара байланыстыратын болады. Алматы-Ақтоғай, Достық-Ақтоғай және Ақтоғай-Мойынты темір жол учаскелерін электрлендіру бойынша техникалық-экономикалық негіздемені дайындау жұмыстары да аяқталып қалды. Азаматтық авиация саласында Қостанай қаласының залықаралық әуежайында жолаушы терминалын салуды бастау жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы жолаушы терминалының өткізу қабілетін сағатына 250 адамға көбейтуге мүмкіндік туады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін