Аграрийлер комбанктердің қызметтерін пайдалануға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аграрийлер комбанктердің қызметтерін пайдалануға мәжбүр

Аграрийлер комбанктердің қызметтерін пайдалануға мәжбүр

Мемлекеттік қаржы институттары өтініштерді ұзақ уақыт қарайтындықтан, қазақстандық аграрийлер коммерциялық банктердің қызметтерін пайдалануға мәжбүр, деп есептейді ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер.

  • 27 Мамыр 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Шаруаларға бірдеңе сатып алу үшін жедел түрде ақша қажет болса, қаржыландырушы ұйымдардың пайыздық мөлшерлемелері маңызды емес, қаржыландыру мерзімі маңыздырақ болады», — деп мәлім етті жұма күні Павлодар облысының әкімдігінде өткен кеңестің қорытындысы бойынша «Красиловское» ЖШС басшысы Мұрат Ахметқалиев. Бұл туралы «ҚазАгроФинанс» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

М. Ахметқалиевтің айтуынша, құжаттарды қарау мерзімін созбалау шаруаларды жеңілдікті қаржыландыру шарттары бар мемлекеттік қаржыландыру ұйымдарынан коммерциялық банктердің қызметтеріне ауысуға мәжбүрлейді.

«ҚазАгроФинанс» АҚ өз қызметінде ел бюджеті мен Ұлттық қордан бөлінген қаржыны пайдаланатындықтан, ҚР заңнамасында қарастырылған талаптарды және Ұлттық банктің талаптарын басшылыққа алатынын атап көрсетеді. Бұл қаржы қатаң бақыланады және толық көлемде қайтарылуға тиіс.

«Бұл жерде салынған қаржыны қайтару туралы ғана емес, ақшаны орналастыру сапасы туралы да айтылып отыр… Инвестиция салынған жобалар жұмыс істеп, дамуға тиіс, елге қажет өнім шығарып қана қоймай, түрлі әлеуметтік міндеттерді шешіп, салалас секторлар мен бағыттарды «тартуға» тиіс. Компанияның ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпкерлердің құжаттары мен жобаларына жоғары талап қоятыны да осыған байланысты», — делінген «ҚазАгроФинанстың» жұма күні таратқан ақпаратында.

Бұған дейін хабарланғандай, мал лизингі функциясы «ҚазАгроӨнім» АҚ-ынан «ҚазАгроФинанс» АҚ-на өткенше, «Красиловское» серіктестігінің Канададан жоғары өнімді сиырларды әкелу жобасын кейінге қалдыруға тура келді. Жоба қолдауды 6 ай бойы күткен.

М. Ахметқалиевтің айтуынша, «ҚазАгроФинанс» асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыру мәселесін қарауға дайын болған, бірақ ол кезде кәсіпкердің жобаны бірлесіп қаржыландыруға қаржысы болмаған. Қажет уақыт ұйымнан жауап күтуге жұмсалған.

Соңғы жаңалықтар