Аграрлық кредиттік корпорацияның жарғылық капиталы 20 млрд теңгеге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аграрлық кредиттік корпорацияның жарғылық капиталы 20 млрд теңгеге артты

Аграрлық кредиттік корпорацияның жарғылық капиталы 20 млрд теңгеге артты

Республикалық бюджеттік комиссия «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ жарғылық капиталын арттырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін «Қазагро» ұлттық холдингінің жарғылық капиталын арттыруға 2014 жылы бюджеттен 20 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 659
Фото - Caravan.kz


«Аграрлық кредиттік корпорация» бөлінген қаражаттан 11 млрд теңгені ауылшаруашылық өнімін өндіру және өңдеуді арттыру үшін кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді несиелеуге, 9 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағыттамақ, деп корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бюджет қаражатын игеру ұзақ мерзімдік негізде ауылдық кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелеумен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ауылшаруашылық өнімін өндіріп, өңдеуге, техника, мал сатып алуға, осылайша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуын және ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.