"Air Astana" 38 рейсінің кешігуі Алматы әуежайының кінәсінен болған жоқ дейді компания - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Air Astana" 38 рейсінің кешігуі Алматы әуежайының кінәсінен болған жоқ дейді компания

"Air Astana" 38 рейсінің кешігуі Алматы әуежайының кінәсінен болған жоқ дейді компания

Маусымның 27-28-дерінде AirAstanaкомпаниясының 38 рейсінің кешігуінде Алматы әуежайының кінәсі жоқ, деп көрсетілген «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ таратқан хабарда.

  • 30 Маусым 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

Құжатта көрсетілгендей, 27-ші маусымда 16 сағат 30 мин-та Air Astana әуе компаниясының тіркеу жүйесінде ақау шығып, ол 28-ші маусымда 12 сағат 05 минутта жойылды. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ мен Air Astana компаниясының арасындағы келісім бойынша әуежай жолаушыларды тіркеу орындарын жалға бергенде оның техникалық дұрыс жұмыс істеп тұруына жауап береді, және тіркеу уақытына ол орындар қабылдау актісімен тапсырылады.

Аталған уақытта жабдықтар қабылдау актісімен тапсырылғанда дұрыс істеп тұрғандығы қабылдау актісінде көрсетілген.

Air Astana авиакомпаниясының жолаушыларды тіркеу жүйесінде ақаудың орын алғандығы туралы хабар алысымен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ және SITA дер кезінде шара қабылдап, әуежайдың тіркеуге жұмылдырылған жабдықтарын диагноздан өткізді.

Тексеру нәтижелері желілік жабдықтардың дұрыс істеп тұрғанын көрсетті. Ол басқа әуекомпанияларының (KLM, Turkish Airlines, Scat, Transaero) тіркеу жабдықтарының дұрыс жұмыс істеп тұрғандығымен анықталды. Ол туралы авиакомпаниялардың өкілдерімен жасалған актілерде көрсетілген.

«Тіркеу қызметін атқаратын жүйелердің барлығының дұрыс жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізген соң, біздің қызметкерлер Франкфурттағы сервистік қызметке, Еуропадағы SITA техникалық қолдау көрсету қызметіне және ALA CUTE қолдау қызметіне сұраным жіберді. Сұраным 17 сағат 14 минутта жіберіліп, 17 сағат 21 минутта SITA-дан сұранымның қабыл алынғаны туралы жауап алынды. Мадридтегі CUTE жүйесін басқаратын орталық персоналының жіберген ресми ақпараты бойынша, жүйедегі ақау Amadeus жүйесі конфигурациясының файлының зақымдануымен байланысты болған. Air Astana авиакомпаниясы CUTE жүйесінің серверінде дәл осы файлды пайдаланады», — делінген ақпараттық баянда.

Жоғарыда айтылған жағдайларды ескерсек, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның жүйеде орын алған бұзушылықта ешқандай күнәсі жоқ.

Air Astana 28 маусымда хабарлағандай, Алматы әуежайындағы жолаушыларды тіркеуден өткізу жүйесінің компьютерінде орын алған бұзушылықтан Air Astana компаниясының 38 рейсі кешікті.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ әуе кемелері (ӘК) мен әуе жолаушыларына әуежайлық және жерүсті қызметтерін, ӘК-терге техникалық және сервистік қызмет көрсетеді. Компанияның жалғыз акционері — Venus Airport Investments B. V. (Амстердам, Нидерланды Корольдігі)

AirAstana – ұлттық әуе тасымалдаушы, 2001 жылы тіркелген. Қазақстан үкіметі («Самұрық-Қазына» қоры) мен ВАЕ Systems компаниясы сәйкесінше 51% және 49% үлеспен иелік етеді. Air Astana әуе кемелерінің паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, E-190 және F50 ұшақтарынан құралған.

Соңғы жаңалықтар