Air Astana Астанадан Дубаи мен Гонконгқа тікелей əуе рейстерін ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana Астанадан Дубаи мен Гонконгқа тікелей əуе рейстерін ашады

Air Astana Астанадан Дубаи мен Гонконгқа тікелей əуе рейстерін ашады

Air Astana компаниясы Астанадан Дубаи мен Гонконгқа қатынайтын тікелей əуе рейстерін ашады. Бұл туралы компания басшысы Питер Фостер хабарлады.

  • 2 Маусым 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz


"100 қадам" бағдарламасына сəйкес компания жаңа рейстер ашуды жалғастырады. Биыл қыста Дубаиға, келесі жылы Гонконг пен Токиоға тікелей əуе рейстерін ашамыз",- деді ол сейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мəслихатында.
Сонымен қатар, 2019 жылы үш Boeing 787 ұшағы алғаннан кейін Нью-Йоркке қатынайтын рейс ашамыз", деді ол.
"Рейстердің жиілігі туралы əңгіме қозғауға əлі ерте. Рейсті американдық серіктесімізбен бірлесіп жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Алдағы аптада осы мəселені талқылау үшін АҚШ-қа барамыз", — деді П.Фостер.