Air Astana елордада шұғыл қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana елордада шұғыл қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

Air Astana елордада шұғыл қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

Air Astana кеше Қарағанды-Алматы бағытында жолға шығып, елордада шұғыл қонуға мəжбүр болған Boeing-757 ұшағына қатысты түсініктеме берді.

  • 25 Наурыз 2018
  • 11
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

"Қарағанды-Алматы бағытында КС 312 рейсімен жолға шыққан «Боинг — 757» əуе компаниясының ұшағы техникалық себептермен Астана əуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22.34-те штаттық режимде қонды. Экипаж барлық халықаралық қауіпсіздік шарасын ұстанды. Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, Алматыға таңғы рейспен жөнелтіледі. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", — делінген əуе компанияның Facebook- тегі ресми парағында.