«Эконом класпен ұшатын жолаушылар белгілі бір халықаралық бағыттар бойынша билеттерді 20 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Акция 16-қыркүйек күні таңғы сағат 8:30-да басталып, 18-қыркүйек күні түнге он екіде аяқталады. Шара негізінде сатып алынған билеттер 2014 жылдың 1-қазанынан 2015 жылдың 1-наурызына дейін және тек қана Қазақстаннан ұшып шығатын рейстерге ғана жарамды», — делінген хабарламада.
Билеттерді компания сайты, кассалар мен сату кеңселері, броньдау және ақпарат орталығы мен турагенттер арқылы броньдауға болады.