Air Astana Ресейге барлық рейсті тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana Ресейге барлық рейсті тоқтатты

Air Astana Ресейге барлық рейсті тоқтатты

Әуе компаниясы көрші елге рейстердің тоқтатылу себебін атады

  • 11 Наурыз 2022
  • 165
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысы Ресейге рейстер толығымен тоқтатылғанын хабарлады.

Екі күн бұрын әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстерді орындай беретінін мәлімдеген еді. Ал Ресейдің басқа қалаларына "өндірістік себептерге" байланысты ұшпайтынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Өкінішке қарай Air Astana Ресей Федерациясына және оның аумағы үстінен коммерциялық ұшулардың сақтандыру өтемінің тоқтатылуына байланысты бұл бағыттағы барлық рейс тоқтатылатынын хабарлайды", — делінген хабарламада.

Әуе компаниясы рейстерді тез арада жандандыру үшін бұл мәселені Қазақстан үкіметімен бірлесіп шешіп жатыр.


Компания тоқтатылған рейстерге билет алып қойған жолаушылардан оны сатып алған жерге жүгінуді өтінді. Билет ақшасы толық көлемді қайтарылады.

Әуе компаниясымен мына нөмірлер арқылы байланысуға болады:

+7 727 244 4477 (08.00 — 00.00)

+7 7172 584477 (08.00 — 00.00)

+7 702 702 4477 (08.00 — 00.00)

WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 — 20.00)

Online chat: airastana.com (24/7)

help.airastana.com

Ресейдегі байланыс нөмірлері:

Тел.:+7 (495) 287 70 08/09

Тел .: +7 (495) 363-50-40

Моб.: +7 985 232 04 36.

Соңғы жаңалықтар