Қазір Қазақстан мен Ресей арасында келісім жүріп жатыр екен. Егер көршілеріміз айнып қалмаса 43 жастағы Айдын Айымбетов қыркүйекте көкке көтеріледі. Негізі Халықаралық ғарыш станциясына Сара Брайтман турист ретінде ұшуы тиіс еді. Ол 10 күнін орбитада өтікізіп, жұлдыздар арасында ән салады деп жоспарланған болатын. Бірақ, атақты британдық әнші Мәскеуге төлеуі тиіс 50 миллион долларды таба алмай, сапардан бас тартыпты. Енді Роскосмос Брайтманның орына кімнің баратынын мамырдың соңына дейін шешеміз деп отыр. Әзірге үміткерлердің қатарында ресейлік Сергей Прокопьев, миллионер Филарет Гальчев пен жерлесіміз Айдын Айымбетов бар.