Әйелдер колониясында балық өнімдерін өңдейтін цех ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер колониясында балық өнімдерін өңдейтін цех ашылды

Әйелдер колониясында балық өнімдерін өңдейтін цех ашылды

Атырауда жазасын өтеушілерге  жаңа жұмыс орындары ашылды. Енді УГ-157/11 мекемесінде балық өнімдерін өңдеуге арналған цех жұмыс жасайды, деп хабарлады munara.kz.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 565
Фото - Caravan.kz

Мұнда балық өнімдері аршылып, тазаланып, феле дайындалады,  концервіленеді. Әзірге 10 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып отыр, цех толық қуатына кіріскен кезде 30 адам күніне  1000 дана балық консервісін шығармақ.  Оларға 20 айлық есептік көрсеткіштен кем емес жалақы да төленіп отырады. Өнімдер әзірге Атыраудағы түзеу мекемелеріне жіберілуде. Кейін ел аумағындағы басқа да түзету мекемелеріне жеткізіледі.

«Қазір бұл колониясында 241 әйел жазасын өтеуде. Олардың  50-і тігін және нан өнімдерін дайындайтын цехта жұмыс істеп келеді. Енді тағы 25-і  жуырда ашылатын вермишель дайындайтын және аяқ киім тігетін цехта еңбек ететін болады» делінген хабарламада.