Әйелін кешкі тамақ пісірмегені үшін сабаған еркек 45 тәулікке қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелін кешкі тамақ пісірмегені үшін сабаған еркек 45 тәулікке қамалды

Әйелін кешкі тамақ пісірмегені үшін сабаған еркек 45 тәулікке қамалды

Павлодар облысы Май ауданының соты спиртті ішімдік ішіп, отбасының берекесін қашырған азаматқа әкімшілік жаза кесті.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 719
Фото - Caravan.kz

Сот қаулысы бойынша ауыл тұрғыны адам денсаулығына зиян келтірді деп танылып, 45 тәулікке қамауға алынды.

Сот хабарламасына сүйенсек, ішімдікке сылқия тойған отағасы кешкі асты пісірмеген келіншегін сегіз жасар баласының көзінше соққыға жыққан.

Ол өз кінәсін мойындағанымен істеген ісіне өкініш білдірмепті және әйелімен татуласуға әрекет жасамаған көрінеді.