Жарияланды: 5500

Айгүл Иманбаева шетелде өтетін үйлену тойының уақытын мәлімдеді

Айгүл Иманбаева шетелде өтетін үйлену тойының уақытын мәлімдеді

Танымал әнші Айгүл Иманбаева өмірінде оң өзгеріс болғанын айтып, тұрмысқа шығуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ол көптен күткен тойының шет елде өтетінін де жасырмады. Ендігі әнші үйлену тойының өтетін уақытын атады.

Әншінің айтуына қарағанда, тойдың аулы алыс сияқты.

«Той 2019-да. Мен сенен бірінші сүйінші сұраймын», – дейді Иманбаева журналист Анна Данченкоға.

Сондай-ақ, Айгүл биылғы жылды тыныш өткізуді жоспарлап жүргенін де айтты.

«Биылғы жылды тыныш өткізейін деп тұрмын. Демалыс пен йога. Тибетке, Катон-Қарағайға демалысқа барамын», – дейді әнші.

Айта кетсек, Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін