Айгүл Орынбек Біртанов туралы: “Алты жыл аз бұл кісіге, прокуратураны толық қолдаймын” - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек Біртанов туралы: “Алты жыл аз бұл кісіге, прокуратураны толық қолдаймын”

Айгүл Орынбек Біртанов туралы: “Алты жыл аз бұл кісіге, прокуратураны толық қолдаймын”

Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  • 12 Қазан 2022
  • 2535
Фото - Caravan.kz


Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек өз ойын жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Прокуратураны толық қолдаймын!

Алты жыл аз бұл кісіге!

Пандемия уақытында Шымкентке келіп лентасын қиып кеткен аурухана , үш күннен кейін барғанымызда адам қабылдауға дайын болмаған!
Қаншама халық ауа жетпей өліп кетті, ал бұл кісі “бәріне дайынбыз”,- деп Президент алдында есеп берді!
Халықтың жақындарына кислород тасып шырылдап жүгірген видеолары бар!
Тіпті анасынан айрылған Айжан Ергешова прокуратураға арыз жазды.
Сол бойы ол істің соңы сұйылып ашылған жоқ.
Жапон елінде бір адам өлсе, бүкіл үкімет дабыл қағып, сол өлген адам үшін жауапкершілік алады. Ал бізде қырылып қалды. Ал ол үшін ешкім жауап бермейді ме сонда?", — деп жазды Айгүл Орынбек.