Жарияланды: 910

Айгүл Орынбек оқушылардың еден жууына қарсы шықты

Айгүл Орынбек оқушылардың еден жууына қарсы шықты

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек оқушылардың еден жууына қарсы шықты.

Бұл туралы ойын ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жапония еліне ұқсап еден жуу үшін, бірінші мектеп Жапон мектептеріне сай болу керек. Дәретханалары сыртта, жылы суы жоқ мектеп балалары не үшін мұздай сумен еден жууы керек?!
Мен қарсымын, балалардың еден жууына! Онсызда аналары азаннан кешке дейін жұмыста, ауыр сөмкесін көтере алмай шаршап жүрген бала білімді қай уақытта алады ? Балалардың тамағын тартып алдыңдар үндемедік, енді құл жасамақшысыңдар ма? Ондай жүйені ақылы миллионерлердің балалары оқитын мектепке енгізіңдер! Үйінде нянясы, көшеде қасында телохранитель жүретін балалар еңбектің қадірін білу керек. Ал қарапайым мектеп балалары онсызда құлдық, ынжықтық санамен өсіп келе жатыр", - деп жазды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін