Жарияланды: 26700

Айгүл Орынбек: “Сен біреудің заказын орындап жүрсің айуан”- деп “қазақтың батырлары” сес көрсетті

Айгүл Орынбек: “Сен біреудің заказын орындап жүрсің айуан”- деп “қазақтың батырлары” сес көрсетті

Заңгер, белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тағы парақшасында әлдекімдердің оны қорқытып жүргендерін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Орынбектің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың атынан маған угроза жасап, жігіттер шығып жатыр!

Ескерту жасап жатқан өзіміздің қазақтың жігіттері!

“Сен неге Почиваловты жазасың?”

“Сен біреудің заказын орындап жүрсің айуан”- деп “қазақтың батырлары” сес көрсетті!

Біздің Оңтүстікте шенеуніктерге сын айтсаң, дереу осылай қорқыту үркіту, ескерту басталады!

Почивалов Мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзғаны әлеуметтік желіде 20 -ші қазан күні тараған еді.

Ал мен мемлекеттік қызметкерлердің этика бұзғаны жайлы бірінші рет жазып жүргенім жоқ! Үнемі көтеріп, жазып жүремін!

Бір қызығы, “сенің Почаваловты жазуға құқығың жоқ!” дейді Тимур деген жігіт!

Шымкент Қаласының Полиция Департаменті

мен өмірімнің қауіпсіздігі үшін алаңдаймын!

Назарға алуларыңызды сұраймын!

Бүкіл угрозалары мен звондаған нөмірлері жіберілген аудиолары сақтаулы!

Айғақтық зат ретінде ұсына аламын", - деп жазды заңгер.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін