Айлап жалақысын ала алмаған сылақшы әйел "өшін" алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айлап жалақысын ала алмаған сылақшы әйел "өшін" алды

Айлап жалақысын ала алмаған сылақшы әйел "өшін" алды

Айлап жалақысын ала алмаған сылақшы әйел құрылыс компаниясынан «өшін» қайтарды. Ол Көкшетауда жаңадан салынып жатқан емхана ғимаратына «жарылғыш зат қойылды» деп, полицейлерді аяғынан тік тұрғызды.

  • 7 Маусым 2011
  • 603
Фото - Caravan.kz


Сайран Азынабаев, күзетші:

— Бухгалтерияға кірдім, жұмыс істеп жатыр екен. Қалиева Мәрияш деген  есепші  қалш-қалш етіп, «осында бір әйел звондайды, сендердің  ғимараттарыңа біз жарылғыш зат қойдық, аспанға күл болып ұшасыңдар» деп айтты. Полицияға хабарласыңызшы деп менен өтінді.

Жаңа ғимаратқа «жарылғыш зат қойылды» деген хабар түсісімен, облыстың барлық құтқару қызметі жедел іздестіру шарасына кірісті.  Ғимарат — жақын арада пайдалануға берілетін қалалық емхана; әлі құрылысы толық аяқталмаған. Кешқұрым уақыт болғандықтан мұндағы құрылысшылар да тарап кеткен. Бірақ жарылғыш заттың бар-жоғына көз жеткізу үшін арнайы іздестіру тобы бір  сағаттан артық жұмыс істеп, әуре-сарсаңға түсті. Жарылғыш зат табылған жоқ. Көп кешікпей, жалған қоңырау шалған әйел де қолға түсті. Ол  аталмыш емхананың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізген сылақшы екен. 52 жастағы азаматша бірнеше айдан бері жалақы төлемеген құрылыс компаниясынан осылайша өшіналмақшы  болған. 

Соңғы жаңалықтар