Ақбаян Нақыпова: «Ұлымның ауруды жеңіп шығатынына сенемін» - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбаян Нақыпова: «Ұлымның ауруды жеңіп шығатынына сенемін»

Ақбаян Нақыпова: «Ұлымның ауруды жеңіп шығатынына сенемін»

11 жастағы Абылайхан бір үйдің тұңғышы. Төрт інісі бар. Дені-қарны сау болып өмірге келген сәби бір жасқа келгенде жүрмейтінін, дұрыс отыра алмайтынын ата-анасы байқапты.

  • 11 Маусым
  • 14
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер оған 2 жаста балалардың церебралды сал ауруы деген диагноз қойған. Ақ халаттылардың кеңесімен 2 жыл бұрын екі аяғына ота жасатқан. Қазір Астанадағы «Қамқорлық» оңалту орталығында ем алып жүр.

«Мұндай балалар емді үзбей қабылдауы керек. Сол кезде жетістікке жетеді. Абылайхан өте ақкөңіл, көпшіл. Үнемі өзінің жазылып кететінін айтады. Футболға қатты қызығады. Аяғым жазылып, доп теуіп, жүгіріп жүрсем ғой дейді. Алла қаласа, ол күнге де жетерміз. Ұлым өжет мінезді, содан болар ауруды жеңіп келеді», — дейді Абылайханның анасы Ақбаян Нақыпова.

Инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жоба 2019 жылдан басталған. Бұл жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасымен жүзеге асқан. Қазір елімізде 15 оңалту, 14 ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған 6 «Қамқорлық» орталығы мен 16 инклюзияны қолдау кабинеті бар. Биыл тағы 6 ерте араласу орталығы және аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 3 орталық ашылады.