«Комиссия мүшелері экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Виктор Супруннің баяндамасын тыңдады. Отырыс барысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстары талқыланды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы талқылауды түйіндей келе, жекелеген ұсыныстар мен ескертпелерді жұмыс тобының кезекті отырысында қарауға қабылдау қажеттігін атап өтті. Осы ретте, К. Мәсімов барлық мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту жөніндегі белсенді жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті