ӘКК әлеуметтік жобаларға жұмсайтын қаражат көлемін ұлғайтуға тиіс - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘКК әлеуметтік жобаларға жұмсайтын қаражат көлемін ұлғайтуға тиіс - президент

ӘКК әлеуметтік жобаларға жұмсайтын қаражат көлемін ұлғайтуға тиіс - президент

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар табыстың бір бөлігін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсауға тиіс. Бұл туралы бүгін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған форумда президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар күш-жігерін әлеуметтік бағыттағы жобаларға, атап айтқанда, медицинаны, білім беру саласын, ауыз сумен қамтамасыз етуге бағыттауға тиіс», — деді президент. » Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың пайдасын бөлу тетіктері мен схемасын қазіргі кезеңде дәйектеу қажет», -деді ол. «Олардың басты міндеті — жергілікті жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту, пайда табу, инвестициялар тарту болып табылады, және бұл қаржыны тиісті өңірдің инфрақұрылымын дамытуға жұмсауы қажет», — деді Н. Назарбаев.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлік бизнестің тиімділігін көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге өңірдегі әлеуметтік тауқыметтерді шешу үшін де құрылып отыр. Бұл ӘКК-дың инвестициялық қоржындарында да көрініс табуға тиіс», -деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті