Жарияланды: 2900

Актер Алмат Сақатов Диана Қырықбай туралы: Ол - рухани мүгедек (ВИДЕО)

Актер Алмат Сақатов Диана Қырықбай туралы: Ол - рухани мүгедек (ВИДЕО)

Актер Алмат Сақатов желіде шу болған Диана Қырықбайға қатысты видеоға пікір білдірді.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Желіде "сексуальная" деген сөзді аударған үшін бір қызды жерден алып, жерге салып жатыр екен. Расында да басы істемейтін, есалаңдау адам. Қайтесіздер. Ондай рухани мүгедектерге ренжіп те керегі жоқ. Ондай сөзді мен айтпаймын, сіздер айтпайсыздар. Оны сөз қылып, атақты қылып жатсыздар. Оны ұмытып кету керек. Баяғыда бір кісі келіп айтқан "мен сізге жаңалық айтайын" деген кезде, оған ақсақал "Ол жаңалығың жағымды ма" десе "жоқ" депті. "Ол жаңалықтың маған пайдасы бар ма" десе "жоқ" депті, саған пайдасы бар ма" десе "жоқ" депті. "Онда несіне айтасың? Айтпай ақ қой" депті. Сондықтан да "атың шықпаса, жер өрте" деген бар. Миы жетпегесін қайтеміз енді. Ол қазір қоғамдағы сондай дұрыс емес нәрселер. Сондықтан рухани мүгедектерге ренжуге болмайды. Қайтесіздер, одан да үлкен мәселелер жетеді", - деді Алмат Сақатов.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін