Австриядан шығатын дәріні қазір ұлттық сараптама орталығы зерттеп жатыр. Қортындысы бір айдан соң шығады. Осыдан кейін ғана оның қаншалықты жарамды екені белгілі болмақ. Ақтөбедегі емханалардың бірінде «Актовегин» тамшысымен егілген 3 зейнеткер қайтыс болған. Тағы бір науқас ауыр халде облыстық ауруханада жатыр. Осы оқиғадан соң арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары әлі жалғасуда.