Алаш жұрты С.Нұрмағамбетовты ақтық сапарға шығарып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаш жұрты С.Нұрмағамбетовты ақтық сапарға шығарып салды

Алаш жұрты С.Нұрмағамбетовты ақтық сапарға шығарып салды

Алаш жұрты тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі – Сағадат Нұрмағамбетовты ақтық сапарға шығарып салды. 89 жасында дүние салған «Халық қаһарманының» сүйегі Кеңсайдағы зиратқа жерленді.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

Абай атындағы опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне келген жұрттың қарасы қалың. Жақындары, қызметтес әріптестері мен Мәжіліс төрағасы бастаған шенді-шекпенділер жиналыпты. Ұлы Отан соғысына 19 жасында аттанып, Рейхстагты алуға дейін атсалысқан батыр сейсенбі күні 90-ға қараған шағында дүниеден озған болатын. Сағадат Нұрмағамбетов майданнан кейін де әскери салада түрлі лауазымды қызметтер атқарып, 1991-ші жылы тәуелсіз қазақ қарулы күштері құрылғанда басы-қасында жүрді.


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

—  Ағамыз зердесіне ақыл-парасат ұялаған, жүрегіне батылдық пен дархандықты дарытқан, жаны атының садақасы болған нағыз ер азамат болатын