Алаш жұрты жазушы Д.Досжанды соңғы сапарға шығарып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаш жұрты жазушы Д.Досжанды соңғы сапарға шығарып салды

Алаш жұрты жазушы Д.Досжанды соңғы сапарға шығарып салды

Бүгін Алаш жұрты тағы бір қарымды қаламгерін соңғы сапарға шығарып салды. Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлесін қосқан жазушы, көркемсөз шебері Дүкенбай Досжан өткен жексенбі күні 71 жасқа қараған шағында бақилық болған еді. 

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысында дүниеге келген жазушы еңбек жолын "Жетісу" газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. «Жазушы» баспасында, ҚазКСР баспа комитетінде жемісті еңбек етті. Оқығаны да, тоқығаны да көп қаламгер көзі тірісінде көркем тілді 11 роман, 23 хикаят, жүзден астам əңгіме жазыпты. Осының ішінде «Отырар», «Алыптың азабы», «Зауал» романдары көпшіліктің сүйіп оқитын шығармалары. Жазушының артында аяулы жары, 6 баласы мен 8 немересі қалды. Елордада өткен қоштасу рәсіміне сол ұрпақтары, үзеңгілес жора-жолдастары мен елдің игі жақсылары жиналды.


Нұрлан Оразалин, Сенат депутаты:

— Қабырғалы қаламгеріміздің екінші мәңгілік өмірі басталды. Бұл өмір Дүкеңнің пешенесіне шыныныда да өлмейтін кең кеңісітікті сыйлады. Біз қабырғамыз қайысып отырып, әріптесімізді, замандасымызды, суреткерімізді соңғы сапарға  шығара тұрып айтарымыз: «Жаныңыз жәннаттың төрінде болсын»!